|
15.09.2024 | 19:50
380

Қала күні: әуесқой спортшылар баскетболдан турнирге қатысты

Алматыда шағын баскетбол алаңы мен скейт-парк ашылды

Қала күні: әуесқой спортшылар баскетболдан турнирге қатысты Almaty.tv

Алматыда шағын баскетбол алаңы мен скейт-парк ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Медеу ықшамауданында орналасқан спорт алаңқайының жалпы аумағы 600 шаршы метр. Заманауи үлгіде жасалған озық алаң жастарды спортқа баулуға септігін тигізбек. Осы мақсатта жаңа спорт алаңқайда әуесқойлар арасында баскетболдан турнир ұйымдастырылды. Жүлдеге іліккен үздік спортшылар бағалы сыйлықтармен және арнайы аудан әкімдігінің алғыс хатымен марапатталды.

– Қала күніне орай баскетбол және скейт алаңы ашылды. Қайта құру жұмыстары жасалып, керемет алаң қолданысқа берілді. Демеушілердің көмегімен жарыс ұйымдастырылды. Алматы қаласының тұрғындары мен спортшылары қатысып жатыр, – деді ұйымдастырушы Әлішер Баян.

Оқи отырыңыз: Қала күні: Алматы метросында аспаптар көрмесі өтті

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир