|
13.09.2019 | 20:08
1694

«Барыс» хоккей клубының құрылғанына 20 жыл

17 қыркүйек күні жерлестеріміз Мәскеудің «Спартак» командасымен ойнайды

«Барыс» хоккей клубының құрылғанына 20 жыл

Құрлықтық хоккей чемпионаты лигасына кірген  жалғыз Қазақстандық «Барыс» хоккей клубының құрылғанына биыл 20 жыл. «Барыс» клубы  мерейтойы қарсаңында бірнеше ірі жарыстар ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Елдегі  жетекші клубтың  екі ойыны да «Алматы Арена» спорт кешенінде өтеді. 17 қыркүйек күні жерлестеріміз Мәскеудің «Спартак» командасына қарсы ойын өткізсе,  20-ы күні Челябинск қаласының «Трактор» клубымен мұздағы бәсекені қыздырмақ. 

«Клубтың маусымдағы міндеті -жақсы көрсеткішке ие болу және турнирдің баспалдағымен мүмкіндігінше жоғары көтерілу. Бұл жыл біз үшін ерекше болып жатыр. Себебі, биыл клуб өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтепек. Алдағы «Спартакпен» өтетін ойынға 7000 билет, ал «Трактор» командасымен болатын ойынға 6000-нан астам билет сатылды. Бұл қала күнін мерекелеу аясындағы қала тұрғындары мен қонақтары үшін керемет сыйлық болады деп сенеміз», – деді «Барыс» хоккей клубының вице-президенті АРНҰР ӘЛІШЕРОВ.  

«Барыс» – Ресейдің ашық чемпионатына қатысып,  Ресей,  Қытай, Латвия, Беларусь және Финляндия секілді 24 команданың арасына кіреді. Алматы әкімдігі  және «Алматы Арена» көп функционалды мұз кешені ұйымдастыруымен өткізіліп отырған бұл матч - қала күні қарсаңында көрермендерге  тарту болмақ.  

«Жалпы, Алматы қаласында хоккей спорты жаңа кезеңге өтті. Бізде жиырмадан астам балалар командасы бар. Алматылық хоккей клубы Республика чемпионатында біршама жетістіктерге жетіп отыр. Әрине, бұл үлкен қуаныш. Алдағы уақытта «Барыстың» көптеген ойындары жоспарда бар. «Барыс» хоккей командасы Нұр-Сұлтан қаласының ғана емес, бүкіл еліміздің бренді екені түсінікті. Ал, қала тұрғындары бұл матчты үлкен қуанышпен күтуде», – деді Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Рүстем БАЙСЕИТОВ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир