Б. Сағынтаев «Қайрат» футбол клубын көптен күткен жеңісімен құттықтады

fckairat
fckairat
«Қайрат» ФК Премьер-Лига командалары арасындағы ел чемпионатының бас жүлдесіне ие болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Қайрат» ФК командасы мен жаттықтырушылар штабын футболдан Премьер-Лига командалары арасындағы ел чемпионатының бас жүлдесіне ие болуымен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы қала әкімі өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.      

«Қайрат» ФК командасы мен жаттықтырушылар штабын футболдан Премьер-Лига командалары арасындағы ел чемпионатының бас жүлдесіне ие болуымен құттықтаймын! Көптен күткен бұл жеңіс Алматы үшін мақтаныш! Жеңіске жету бар да, оны сақтап қалу бар. Күш-қуат пен сәттілік серіктерің болсын!» – деп жазады әкім.

Новости партнеров