|
19.10.2021 | 21:20
338

Волейболдан Алматының «Буревестник» құрамасы елге оралды

Спортшыларымыз Тайландта өткен клубтық Азия чемпионатында көзге түсіп, үздік үштіктен көрінген еді

Волейболдан Алматының «Буревестник» құрамасы елге оралды Almaty.tv

Волейболдан Алматының «Буревестник» құрамасы елге оралды. Спортшыларымыз Тайландта өткен клубтық Азия чемпионатында көзге түсіп, үздік үштіктен көрінген еді. Қала басшысы Бақытжан Сағынтаев та өзінің Twitter-парақшасында бұл жетістікті жоғары бағалап, құттықтауын жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.         

Бүгін әуежайға жиналған қала тұрғындары спортшыларды әдеттегідей қазақы дәстүрмен шашу шашып, салтанатты түрде қарсы алды. Олардың арасында жергілікті спорт басқармасының өкілдері мен клуб жанкүйерлері және ойшылардың туыстары бар.

«Бұл тек қана алаңда ойнаған ойыншылардың жеңісі емес. Бүкіл команданың, елдің жеңісі деуге болады. Бізді әрдайым қолдап жүрген клуб президенті Аман Смағұлұлына және ол кісіні қолдап жүрген Алматы әкімшілігіне алғысымызды айтамыз», – деді «Буревестник» клубының ойыншысы Бағлан Рахманов.

Спортшыларымыз топтық кезеңде Шри-Ланка, Ирак, Кувейт елдерінің және алаң иелері Тайланд клубын айқын басымдықпен ұтты. Жартылай финалда кувейттік Аль-Аравимен тартысты ойнап, 3:2 есебімен жеңіліп қалды. Ал қола үшін болған кездесуде жергілікті Накхон Ратчасима құрамасымен қайта кездесіп, мықтылығын дәлелдеді. Одан бөлек, белсенділігімен көзге түскен Виталий Вориводин турнирдің үздік ойыншысы атанса, Нодирхан Кадирханов үздік орталық қорғаушы номинациясын иеленді.

«Азиядаға 10 команда қатысты. 5 командадан 2 топ болды. Өзіміздің топтан бірінші боп шықтық. Кейін финалға шығу үшін екінші топтағы «Катар» командасымен ойнадық. Аздап күшіміз жетпей қалған сияқты», – дейді «Буревестник» клубының ойыншысы Нодирхан Кадирханов.

Еске сала кетейік, клубтар арасындағы Азия чемпионатында ойнау үшін әуелі Қазақстан суперкубогын иемдену керек. Спортшылардың ендігі мақсаты ел біріншілігінде топ жарып, келесі жылы аталған турнирге қайта қатысу.

Мерей Қанапиянов, Сағындық Нарықов, «Алматы» телеарнасы
Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Прямой эфир