Бір сағат 5 минутқа созылған бәсеке барысында Жұқаев 8 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды
Қазақстандық, әлемнің 213-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Алматы ATP 250 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Б.Жұқаев бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 245-орында тұрған ливандық Бенжамин Хассанмен өткізді.
Іріктеу сайысында ливандық теннисші тағы бір қазақстандық Денис Евсеевтің жолын кескен еді.
Бұл жолы Бейбіт соның есесін қайырды - 6:4, 6:1.
Бір сағат 5 минутқа созылған бәсеке барысында Жұқаев 8 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Хассан 1 эйстен аса алмады.
Бейбіт Жұқаев ширек финалға шығу үшін әлемнің 25-ракеткасы, чехиялық Томаш Махач немесе отандасы, рейтингіде 192-сатыдағы Тимофей Скатовтың біреуімен таласады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Оқи отырыңыз: ҚР Туризм және спорт министрлігі Қазақстан футбол федерациясына ресми хат жолдады
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!