Алтын медаль үшін өткен шешуші кездесуде Қазақстан құрамасы Жапониямен сынға түсті
Үндістан астанасы Делиде өтіп жатқан семсерлесуден сары құрлық додасының кезекті күнінде сапы сайысынан ерлер арасындағы командалық жарыстың жүлдесі сарапқа салынды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Алтын медаль үшін өткен шешуші кездесуде Қазақстан құрамасы Жапониямен сынға түсті. Жапон спортшылары — Токио Олимпиадасының чемпионы және Париж Олимпиадасының күміс жүлдегерлері саналады. Тартысты өткен финалда Қазақстан құрамасы 45:40 есебімен жеңіске жетті.
Финалдық бәсекенің шешуші сәтінде Кирилл Проходов ерекше көзге түсті. Жас отандық спортшыға Жапония құрамасының көшбасшысы, Токио Олимпиадасының командалық сындағы чемпионы әрі Париж Олимпиадасының жеке сайыстағы чемпионы Коки Канноға қарсы соңғы кезең сеніп тапсырылды.
Кездесудің қорытынды бөлігінде Проходов Қазақстан құрамасының басымдығын сақтап, есеп айырмасын ұлғайтып, команданың жеңісіне елеулі үлес қосты.
Осылайша, Ерлік Сертай, Никита Жулинский, Вадим Шарлаимов және Кирилл Проходов құрамындағы Қазақстан құрамасы өздерінің басты қарсыластарының бірі — Жапония құрамасын жеңіп, Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.
Оқи отырыңыз: Қазақстан тарихта алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатын қабылдайды