"Челсиге" ауысқан қазақ футболшысының жалақысы белгілі болды

Фото: Instagram/fckairat_academy
Фото: Instagram/fckairat_academy

16 жастағы футболшы үшін "Қайрат" 4,3 миллион еуро алады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

"Қайрат" клубының иесі Қайрат Боранбаев Sports.ru басылымына берген сұхбатында «Челси» Дастан Сәтпаевқа қанша жалақы төлейтінін айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

16 жастағы футболшы үшін «Қайрат» 4.3 миллион еуро алады, бұл – Қазақстан футболы тарихындағы ең қымбат трансфер.

Дастан Сатпаев англиялық клуб сапына 2026 жылы жазда қосылып, бес жылдық (бір жылға ұзарту мүмкіндігімен) келісімшарт жасасады.

Боранбаевтың айтуынша, ойыншының жалақысы айына шамамен 14 мың фунтты құрайды, оның 12 мыңы ата-анасының есепшотына аударылады.

Бұл қаражат футболшы 22 жасқа толғанға дейін қолжетімсіз болады. Келісімшартта тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.

Оқи отырыңыз: Қазақстан – Солтүстік Корея матчы тікелей эфирден көрсетілетін болды

Новости партнеров