Елена Рыбакина Нинбодағы турнир алдында мәлімдеме жасады
Теннисші ең маңыздысы — маусымды әлемдік рейтингтің бірінші сатысында аяқтауға тырысу екенін айтты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2026 жылғы маусымның соңғы кезеңіндегі мақсаттары және Қытайдың Нинбо қаласындағы турнирге қайта оралуы туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sports.kz-ке сілтеме жасап.
— Ең алдымен, мұнда қайта оралғаныма қуаныштымын. Бұл турнирден керемет естеліктерім бар. Тағы да жеңіске жетемін деп үміттенемін. Оны уақыт көрсетеді, — деді Елена Рыбакина.
Теннисші ең маңыздысы — маусымды әлемдік рейтингтің бірінші сатысында аяқтауға тырысу екенін айтты.
— Алдағы екі аптада бар күшімді салуым керек. Биылғы маусым сәтті өтті, бірақ сонымен бірге ұзаққа созылды. Сондықтан қазір денсаулығыма баса назар аударып, физикалық жүктемені, матчтарды және басқа да міндеттерді дұрыс үйлестіруге тырысып жүрмін. Маусымның соңғы кезеңін жоғары деңгейде өткізгім келеді, — деді Рыбакина баспасөз мәслихатында.
WTA 500 санатындағы Нинбо турнирі 19 қазанда басталып, 25 қазанда аяқталады. Рыбакина жарысқа былтырғы чемпион ретінде қатысады. Өткен жылы ол финалда ресейлік Екатерина Александровадан 3:6, 6:0, 6:2 есебімен басым түсіп, турнир жеңімпазы атанған.