Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің екінші ракеткасы атанды

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Рейтинг жаңартылғаннан кейін қазақстандық теннисші үшінші сатыдан өз рекордын жаңартып, екінші орынға көтерілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) әлемдік рейтингінде жоғарылады, деп хабарлайды Almaty.tv Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Үздіктер тізімі жаңарғаннан кейін қазақстандық спортшы үшінші сатыдан өзі үшін рекордтық көрсеткіш — екінші орынға табан тіреді.

Бұл жетістікке Рыбакина Индиан-Уэллстегі (АҚШ) WTA 1000 турнирінде финалға дейін жеткеннен кейін қол жеткізді. Шешуші матчта ол әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкоға (Беларусь) есе жіберген болатын.

Қазіргі уақытта Елена Рыбакинаның еншісінде 7783 ұпай бар. Арина Соболенко 11025 ұпаймен көш бастап тұрса, үшінші орындағы Ига Швёнтектің қоржынында 7413 ұпай бар.

Айта кетейік, Индиан-Уэллстегі финалдан кейін Анна Данилина да рейтингте жоғарылады. Жұптық сында ол қазір төртінші сатыға жайғасты, бұл да спортшының жеке рекорды болып саналады.

Оқи отырыңыз: Алматылықтарға Назарбаев даңғылында жөндеу жұмыстарына байланысты қозғалысқа енгізілетін шектеу туралы ескертілді

Новости партнеров