Елена Рыбакина мансабында алғаш рет US Open жеңімпазы атанды
Depositphotos
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тың ашық чемпионатында (US Open) жеңіске жетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Финалдық кездесуде 27 жастағы спортшы беларусьтік Арина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен ұтты.
Бұл — Рыбакинаның мансабындағы Үлкен дулыға турнирлеріндегі үшінші титулы. Бұған дейін ол Уимблдон-2022 мен осы маусымдағы Australian Open турнирлерінде топ жарған еді.
Осы жеңісінің арқасында қазақстандық теннисші 9901 ұпай жинап, мансабында алғаш рет WTA әлемдік рейтингінің көшін бастайды. Өткен екі маусымда US Open чемпионы болған Арина Соболенко екінші сатыға төмендейді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10