Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны әлемнің бірінші ракеткасы атануымен құттықтады

Depositphotos
Depositphotos
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны WTA рейтингінде әлемнің бірінші ракеткасы атануымен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Президент құттықтауында спортшының айрықша таланты, тынымсыз еңбегі және өзіне деген нық сенімінің арқасында әлемдік рейтингте көш бастағанын атап өтті.

«Осынау тарихи жеңісіңіз қазақ спортының даңқын асырды. Есіміңіз әлемдік теннис жылнамасынан ойып тұрып орын алды. Сіздің жетістікке толы жолыңыз – еліміздің жас спортшылары мен дүниенің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған теннис жанкүйері үшін үлгі-өнеге», – делінген құттықтауда.

Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ Елена Рыбакинаның кортта да, қоғамдық орындарда да, жұртшылықпен қарым-қатынас барысында да байқалатын жоғары мәдениетін ерекше атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл спортшының парасаты мен адами қалпының айқын көрінісі.

Президент Елена Рыбакинаның чемпиондарға тән жалынды рухтан қуат алып, алдағы уақытта да жаңа белестерге батыл қадам баса беруіне тілектестік білдірді.