Қызылордалық тоғызқұмалақшы әлем чемпионы атанды

Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы
Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы

Дүбірлі додаға әлемнің 14 елінен 80-ге жуық үздік спортшы қатысып, бақ сынады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

21-27 қыркүйек аралығында Румынияның Бухарест қаласында тоғызқұмалақтан кезекті VIII әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Kazinform-ге сілтеме жасап.

Дүбірлі додаға әлемнің 14 елінен 80-ге жуық үздік спортшы қатысып, бақ сынады. Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен қызылордалық, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ермұхамед Әләйдар айрықша нәтиже көрсетті.

"Ол тоғызқұмалақтың блиц түрінен алтын жүлде иеленіп, әлем чемпионы атанды. Ал рапид түрінен күміс жүлдені қанжығасына байлады. Спортшыны Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Хакімжан Елеусінов жаттықтырды", — деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Әлем чемпионатына Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Түркия, Румыния, Словения, Испания, Чехия, Украина, Мажарстан, АҚШ, Мексика және Оңтүстік Корея елдерінің өкілдері қатысты.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Самарқандта өткен Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында екінші орын алған қазақтың шахматшы қыздарын құттықтады