Маман Қазақстан құрамасының бапкерлік штабына көмектеседі
Бокстан ерлер арасындағы Қазақстан командасы Аммандағы (Иордания) Азия чемпионатына дайындықты бастады. Біріншілік 30 қараша мен 12 желтоқсан аралығында өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Дайындық процесінің бастапқы кезеңі Алматыдағы оқу-дайындық жиынынан басталды. Бұл жиын жалпы физикалық дайындық деңгейін арттыруға бағытталған.
«Оқу-жаттығу жиынына Ұлттық олимпиадалық комитет президенті Геннадий Головкиннің шақыртуымен физикалық дайындықтан америкалық бапкер Кристофер Камачо тартылған», - делінген хабарламада.
Маман Қазақстан құрамасының бапкерлік штабына көмектесіп, боксшыларды құрлықтық біріншілікке дайындайды.
Айта кету керек, Кристофер Камачо көптеген жыл бойы кәсіби рингтегі түрлі жекпе-жегі алдында Геннадий Головкиннің жаттығу лагерьлеріне қатысқан. Сонымен бірге ол танымал ММА спортшылары Хабиб Нурмагомедов, Дэниал Кормье, Кейн Веласкес, Люк Рокхолдпен жұмыс істеген.
Оқи отырыңыз: Әбужақынова мен Тынбаева әлемдегі үздік 10 дзюдошының тізіміне енді
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!