Қазақстандық теннисші Болгариядағы турнирдің жеңімпазы атанды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Иван Пономарев жұптық сында чемпион атанды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

София қаласында (Болгария) теннистен ITF Juniors J30 сериясы бойынша жасөспірімдерге арналған турнир өз мәресіне жетті. Бұл жарыста 16 жастағы қазақстандық Иван Пономарев жұптық сында чемпион атанды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

"Иван швейцариялық әріптесі Чарли Базилмен бірге тартысты финалда украиналық-болгариялық жұп Родион Четвериков пен Самуил Пешевті 4:6, 6:3, 10:7 есебімен жеңді", - делінген хабарламада.

Бұл жеңіс Иван үшін ITF жасөспірімдер турнирлеріндегі алғашқысы болды. Бұған дейін ол жұптық сында Марокко мен Қытайда өткен ITF Juniors турнирлерінің финалдарына дейін жеткен еді.

Оқи отырыңыз: Азия чемпионаты: бокстан бес қазақстандық спортшы финалға жолдама алды

Новости партнеров