Мемлекет басшысы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының барысын бақылап отыр
Depositphotos.com
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзге елдер басшыларымен бірге ашылу салтанатына қатысқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының барысын жіті бақылап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров өзінің telegram-арнасында жазба жариялады.
Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов арқылы Қазақстан атынан Ойынға қатысушыларға ізгі сәлемін жолдап, достық пен әділдік рухында өтіп жатқан жарыстарда жарқын жеңіс тіледі.
Мемлекет басшысы бапкерлер мен чемпиондарға ризашылығын білдірді, сондай-ақ ұлттық құраманың ортақ табысына үлес қосқан барша азаматтың еңбегі еленетінін атап өтті.
Оқи отырыңыз: Президент Вице-президенттің өкілеттіктері туралы жарлыққа қол қойды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
04.10.2026 10:30
Алматыда жыл басынан бері 238 орында 23 сенбілік өтті
03.10.2026 16:00