Таеквондодан командалық әлем кубогы: Қазақстан күміс медальға ие болды
Қазақстан таеквондо федерациясы
Командалық әлем кубогы 16 шілдеде аяқталады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында таеквондодан командалық Әлем кубогы басталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.
Алғашқы жарыс күні Қазақстан ерлер құрамасы финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды.
Отандастарымыз ширек финалда Марокконы 2:0 есебімен, жартылай финалда Ресей құрамасын 2:1 есебімен жеңді.
Ал ақтық сында Қытай құрамасына 2:0 есебімен жол берді.
Құрама сапында Мақсат Орынбасар, Абдурахмон Марипов, Ануар Мұхаметкәрімов және Батырхан Кусетов өнер көрсетті.
Айта кетейік, командалық әлем кубогы 16 шілдеде аяқталады.
Оқи отырыңыз: Қауіпсіз жол: ІІМ жүргізушілерді жол ережелерін сақтауға шақырады
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41