Зарина Дияс әлемдік рейтингіде бірден 18 сатыға жоғары көтерілді

John Fornander/ unsplash.com/
John Fornander/ unsplash.com/

ТОП-3-те бұрынғыша белоруссиялық Арина Соболенко, америкалық Кори Гауфф және Польша өкілі Ига Швентек келеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 12-орнында қалса, Юлия Путинцева 43-тен 46-ға сырғыды.

Тағы бір қазақстандық Зарина Дияс 269-дан бірден 251-орынға (+18) көтерілді. 
Жібек Құламбаева 292-ден 294-ке төмендеді.

ТОП-3-те бұрынғыша белоруссиялық Арина Соболенко, америкалық Кори Гауфф және Польша өкілі Ига Швентек келеді.

Жұптық сында Анна Данилина 10-орнын сақтаса, Ю.Путинцева 57-ден 59-ға түсті. Ж.Құламбаева 128-ден 126-ға шықты.

Вашингтон турнирінде жұптық сында да жартылай финалға дейін жеткен Е.Рыбакина соның нәтижесінде 569-дан бірден 273-сатыға (+296) шарықтады. 

Оқи отырыңыз: Елде заңсыз ойын бизнесі төмендеді

Новости партнеров