«Алматы-2050» даму стратегиясы қызу талқылануда

zakon.kz/Максим Золотухин
zakon.kz/Максим Золотухин
Бақытжан Сағынтаев «Алматы-2050» даму стратегиясын 22 қарашада жариялаған болатын
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қалалық әкімдіктің сайты мен әлеуметтік желі арқылы мыңдаған ұсыныстар келіп жатыр екен. Тұрғындардың пікірінше, Алматы басшылығы алдымен шеткі аудандардағы инфрақұрылымды дамытып, сонымен қатар, экология мәселесін шешу керек, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Сондай-ақ, жұрт мегаполисте кәсіпорындардың көптеп ашылғанын қалайды. Осылайша жұмыссыздар мәселесі шешілмек екен. Қоғам белсенділері осындай пікірде.  

«Әр құжатты қарастырсаңыз, осындай сұрақтар, ойлар келеді. «Көш жүре түзеледі» демекші, стратегия деген қатып қалған нәрсе емес қой, оған ұсыныс білдіруге болады. Әрбір істі қолға алып, оны жүзеге асырғаннан кейін тағы да басқа сұрақтар туындайды», - деді Алматы қаласының қоғамдық кеңес мүшесі Қазыбек ШАЙХ.

Еске сала кетейін, қала басшысы Бақытжан Сағынтаев «Алматы-2050» даму стратегиясын 22 қарашада жариялаған болатын. Жоба ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының тапсырмасымен әзірленген. Маңызды құжатта 7 бағыт қарастырылып, барлық әлеуметтік салалар қамтылған. Ұсыныстар мен пікірлер толық жинақталған соң, соңғы әрі нақты шешім 13 желтоқсан күні қалалық мәслихатта бекітіледі.

Новости партнеров