Таза Қазақстан: Іле ауданында тарихи орындар мен ескерткіштерді абаттандыру басталды

Almaty.tv
Almaty.tv
Тазалық акциясына күнделікті 400-ден астам адам атсалысып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысының Іле ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясының «Киелі мекен» апталығы басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мақсат – тарихи орындар мен ескерткіштерді абаттандырып, маңайын қоқыстан тазалау. Соған сәйкес, күні кеше аудан орталығында тазалық жұмыстары жүргізілді. Акцияға аудан тұрғындары, еріктілер, жастар мен түрлі сала қызметкерлері қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, тазалық акциясына күнделікті 400-ден астам адам атсалысып жатыр.

–Бұл науқанның тәрбиелік маңызы зор. Тұрғындар ерікті түрде қатысып жатыр. Ескерткіштерді сақтасақ,  ұрпаққа, жастарға үлгі болар тұсы көп, – деді Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев.

Оқи отырыңыз: Наурызбай ауданының кәсіпкерлері «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанын қолдап отыр

Новости партнеров