Таза Қазақстан: Алматыда 300 түп алма ағашының көшеті отырғызылды

Almaty.tv
Almaty.tv
Игі іс-шара Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда еліміздің тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдық мерейтойына орай 300 түп алма ағашының көшеті отырғызылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Игі іс-шара республика көлемінде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» науқаны аясында ұйымдастырылған. Оған қала басшылығы мен мәслихат депутаттары, «Генералдар кеңесі» мен «Офицерлер кеңесі» өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ еріктілер қатысты.

– Кеңес Одағының батыры Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовке арнап алма ағаштары отырғызылды. «Сүйікті қаламызды көркейтейік» деген оймен келіп, іс-шараға қосылдық, – деді «Генералдар кеңесі» РҚБ төрағасы Бексұлтан Сәрсеков.

– Қаланы тазалауды коммуналдық шаруашылықтың мойнына іліп қоймай, әр азамат науқанға атсалысуы керек, – деді қоғам қайраткері Роза Оспанқызы.

Оқи отырыңыз: Алматыда «таза қасбеттер» акциясы басталады

Новости партнеров