«Таза Қазақстан» жалпы республикалық бастамасы аясында және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанын жалғастыру бойынша 26 маусымда «Алматы Жазы» акциясы басталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
2024 жылдың 26 маусымы мен 6 шілдесі аралығында қала субұрқақтары, өзендер мен су айдындарының жағалаулары, жол инфрақұрылымдары, арық желілерін, қоқыс алаңдары ауқымды тазартылады және ағаштарды санитарлық кесу қолға алынады.
Қалада тиісті қызметтерді көрсетуге барлығы 1084 арнайы техника және 1240 ол жұмысшысы қатысады. Күндізгі кезеңде техниканың көшелерді тазалауға күнделікті шығуы шамамен 600 бірлік және 1008 жол жұмысшысын, түнгі ауысымда 160 бірлік техниканы және 200 жол жұмысшысын құрайды.
Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Дулат Ашкеновтың айтуынша, іс-шара заманауи және абаттандырылған мегаполис мәртебесін қолдай отырып, қаланы таза, жайлы әрі тартымды етуге арналған. Акция қала өмірінің барлық аспектісін қамтиды.
- Жоспарланған іс-шаралар тізбесіне субұрқақтарды, өзен жағалаулары мен су айдындарын, аялдама кешендерін, бағдаршамдарды, жол көрсеткіштері мен белгілерді қоса алғанда, жол инфрақұрылымын тазарту кіреді. Жұмыстың сапасы мен жылдамдығын жақсарту үшін тротуар техникасы санының артқанын атап өткім келеді. Қаланың ұзындығы 1525 км арық желісін тазарту жұмыстарына ерекше назар аударылатын болады. Күн сайын арық желісінен шамамен 250 текше метр смета, лай және қоқыс шығарылады. Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, арықтар нөсер жаңбыр кезінде жергілікті су басуға себеп болатын, тұрғындар тастаған кездейсоқ қоқыс-қалдықтармен бітеліп жатыр, - деді Дулат Ашкенов.
Сондай-ақ аялдама кешендерін, бағдаршам объектілерін, жол белгілерін шаңнан және ластанудан тазарту, сондай-ақ өзен жағалаулары мен су айдындарының аумағындағы қоқыстарды жинау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Қалалық санитарлық тазарту 2 318 көшеде жүргізіледі.
Осылайша, «Алматы Жазы» акциясы қалада тазалық пен тәртіпті сақтау жөніндегі күш-жігердің маңызды бөлігіне айналады, бұл біздің мегаполисті одан да жайлы әрі барынша тартымды етуге деген ұмтылысты көрсетеді.
Оқи отырыңыз: «Алматы Жазы» акциясы: субұрқақтар маңын жинау мен тазалау жұмыстары басталды