«Таза Қазақстан»: пластик бөтелкелерді өткізіп, қалай сыйақы алуға болады

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Жоба қазіргі уақытта Астана, Алматы, Ақтөбе және Петропавл қалаларында іске асып жатыр 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Біз көбіне пластик бөтелке мен алюминий қалбырды жай ғана қоқыс деп қабылдаймыз. Бірақ шын мәнінде, олар - қайта өңделіп, жаңа өнімге айналатын құнды ресурс, - деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚР Экология министрлігіне сілтеме жасап.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында елімізде Sparklo фандоматтары жұмыс істейді. Бүгінде олар Астана, Алматы, Ақтөбе және Петропавл қалаларында тұрғындарға қызмет көрсетуде. Жоба алдағы уақытта еліміздің басқа өңірлерін де қамтып, экологиялық инфрақұрылымды одан әрі дамытуға бағытталған.

Фандоматқа пластик бөтелке мен алюминий қалбырды өткізу арқылы сіз:

қоршаған ортаны қорғауға үлес қосасыз;

қалдықтардың қайта өңделуіне ықпал етесіз;

табиғи ресурстарды үнемдеуге атсалысасыз;

бонус жинап, түрлі сыйақыларға ие боласыз.

Астана қаласы (10 фандомат)
• Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 
• Жансүгіров көшесі, 8/1 
• Дінмұхамед Қонаев көшесі, 8
• Жеңіс даңғылы, 62
• Достық көшесі, 9 
• Қонаев көшесі, 6, Б блогы 
• Сығанақ көшесі, 17/10 
• Е-899 көшесі, 2 
• Е-899 көшесі, 2 
• «Дарын» мектебі

Алматы қаласы (11 фандомат)
• Бейімбет Майлин көшесі, 2 – Алматы халықаралық әуежайы
• Сәтбаев даңғылы, 9Б 
• Әл-Фараби даңғылы, 77/7 
• «Remizovka» тұрғын үй кешені, 6-переулок, 25/1
• Сейфуллин даңғылы, 617 
• Көк Шоқы шағын ауданы, 1А (1-нүкте)
• Көк Шоқы шағын ауданы, 1А (2-нүкте)
• Шұғыла шағын ауданы, Таусамалы, 50А
• Сәтбаев көшесі, 22 – Satbayev University (Мұнай корпусы)
• Сәтбаев көшесі, 22 – Satbayev University (Бас оқу корпусы)
• Абай даңғылы, 109В 

Ақтөбе қаласы (10 фандомат)
• Әбілқайыр хан даңғылы, 86В 
• 2-ықшам аудан, 12А – Д. Қонаев атындағы №60 мектеп
• Әлия Молдағұлова даңғылы, 34 – Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
• Ораза Тәтеұлы көшесі, 13А
• Мәншүк Мәметова көшесі, 4 
• Бөкенбай батыр көшесі, 44
• Маресьев көшесі, 74 
• Мәңгілік Ел көшесі, 2 
• Өтеген Сейітов көшесі, 5 
• Қарғалы тұрғын алабы, 41В

Петропавл қаласы (3 фандомат)
• Қазақстан Конституциясы көшесі, 43 (1-нүкте)
• Қазақстан Конституциясы көшесі, 43 (2-нүкте)
• Қазақстан Конституциясы көшесі, 43 (3-нүкте)

Бүгін сіз өткізген бір бөтелке - ертеңгі таза аула, таза өзен, таза қала және жасыл Қазақстанның бір бөлшегі.

Оқи отырыңыз: Әлемдік спорттың орталығына айналған Қазақстан: еліміз жеті әлем чемпионатын өткізу құқығын жеңіп алды