Вертолет апатынан қаза болған үш адамның денесі Куриль көлінің түбінен табылды, деп хабарлады Камчатка өлкесінің губернаторы Владимир Солодов. Бұл туралы Sputnik сайты жазды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Куриль көліндегі іздестіру жұмыстары жалғасуда. Оған Төтенше жағдайлар министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Кроноцк қорығы мен Камчатка өлкесінің күштері жұмылдырылды. Жағаға пилоттың және көл түбінен табылған тағы екі адамның мәйіті шығарылды», – деп жазды губернатор өзінің Telegram-каналында.
Губернатор сонымен қатар іздестіру жұмыстары түн батқанға дейін жалғасатынын атап өтті.
Бейсенбі күні туристер мінген Ми-8 вертолеты Камчатканың оңтүстігіндегі Куриль көліне құлаған болатын. Ол Николаевка – Куриль көлі – Ходутка жанартауы бағытын бетке алған.
Вертолет Кроноцк қорығының маңындағы Куриль көліне құлаған. Бортта экипаждың үш мүшесі мен 13 жолаушы болған, оның бірі бала.
Сегіз адам апаттан аман қалды, екеуі жансақтау бөлімінде. Төрт адам зардап шеккен жоқ. Әуе көлігінің құлау себебі анықталуда.