|
16.01.2023 | 09:18
2641

Непалда ұшақ апатқа ұшырады: барлық жолаушы мен экипаж мүшелері қаза тапты

Қазақстан азаматтарының бар-жоғы анықталып жатыр

Непалда ұшақ апатқа ұшырады: барлық жолаушы мен экипаж мүшелері қаза тапты news.rambler.ru


епалдағы Покхара халықаралық әуежайында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұшақ Yeti Airlines әуе компаниясына тиесілі болған. Компания өкілінің айтуынша, бортта 68 жолаушы мен төрт экипаж мүшесі болған.

Апаттың себептері анықталып жатыр. Әуежай жабылып, құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Жергілікті БАҚ Непалда құлаған ұшақтың барлық жолаушысы мен экипаж мүшесі қаза тапты деп хабарлады.

"Ұшақта 72 адам болған, соның ішінде төрт экипаж мүшесі, 68 жолаушы бар. Біздегі мәлімет бойынша төртеуі Ресей азаматы", - деп жазылған хабарламада.

Зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғы анықталып жатыр.


Непалдағы трагедия: ұшақ жолаушыларының бірі апат болған сәтті видеоға түсірген

Дереккөз: Sputnik.kz

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир