Мексикада әскери тікұшақ апатқа ұшырап, 14 адам қаза болды
Depositphotos
Black Hawk тікұшағының бортында барлығы 15 адам болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Лос-Мочис муниципалитетінде Мексика әскери-теңіз күшінің тікұшағы апатқа ұшырап, 14 адам қаза болды. Бұл туралы елдің ӘТК министрлігі өкілі айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, Black Hawk тікұшағының бортында барлығы 15 адам болған. Ұшақ апатынан олардың біреуі аман қалған. Қазір дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр.
Төтенше жағдай жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары есірткі иесі Рафаэль Каро Кинтероның осы аймақта ұсталғаны туралы хабарлағаннан кейін болған. Алайда әскери-теңіз күштері әуе апатының есірткі сатушыны ұстау операциясымен байланысын растамаған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
09.11.2026 17:15
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
09.11.2026 12:50
8 қарашаға арналған валюта бағамы
08.11.2026 09:00
Көзі көрмейтін мас жүргізуші тасжолмен 240 шақырым жүріп өткен
08.11.2026 11:33
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
08.11.2026 12:39