|
11.02.2020 | 09:47
3671

Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 1000-нан асты

Шыңжан-Ұйғыр автономды ауданында коронавирустің жаңа түрін жұқтырған 55 науқас тіркелді

Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 1000-нан асты 123ru.net

Шекарамызға жақын Шыңжан-Ұйғыр автономды ауданында короновирусты жұқтырған 55 науқас тіркелді. Қазіргі уақытта аталған аймақтағы 3842 адам дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Соңғы ресми мәліметке сәйкес, Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 1000-нан асты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Аспан асты елінің денсаулық сақтау істері бойынша мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, өткен тәулікте  коронавирус жұқтырған тағы 2478 адам тіркелді. Осылайша ауырғандар саны 42 634 адамға жетіп, 1016 науқас қаза тапты.

Айта кетейік, соңғы күндері короновирустан емдеу жұмыстары да оң нәтиже беріп жатыр. Бүгінде 3996 адам сауығып, ауруханадан шығарылды. Ресми статистикаға сәйкес, эпидемия ошағы Хубэй провинциясынан басқа аймақтарда індетті жұқтыру оқиғасы жетінші күн қатарынан азаюда.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир