Ауғанстанда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1500-ге жетті

© GlobalLookPress
© GlobalLookPress
Жергілікті билік зілзала құрбандары мен жараланғандар саны әлдеқайда көп болуы мүмкін дейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ауғанстанның Пактика және Хост провинцияларындағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1500-ге жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


Al Jazeera телеарнасы табиғи апаттан 2 мыңнан астам адамның зардап шеккенін мәлімдеді.

Жергілікті билік зілзала құрбандары мен жараланғандар саны бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін деп қауіптенеді.


«Қатты сілкініс болды. Жиһаздар қозғалып, үйдің төбесі түсіп қалды. Мен үйіндінің астында қалдым. Басымды, иығымды жарақаттағаныммен, абырой болғанда үйден шыға алдым. Менімен бірге бөлмеде болған 9 адам туралы әзірге еш хабар жоқ, бәлкім қаза болған шығар», – деді  зардап шеккен азамат


Еске салсақ, маусымның 22-іне қараған түні Ауғанстанның Пактика, Хост, Лагман, Газни, Логар және Кабул провинцияларында магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі болды. Талибан басшылығы зілзаладан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 1,1 миллион доллар бөлуді мақұлдады.

Новости партнеров