Ресейде тұрғын үйде газ жарылып, 5 адам мерт болды
ашық дереккөз
Үйінді астынан жасөспірім қыздың денесі табылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ресейдің Ногинск қаласында тұрғын үйдегі газ жарылып, 5 адам мерт болды. Бұл туралы аумақтық ТЖМ-гі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі baq.kz сілтеме жасап.
Сәрсенбі күні таңғы жеті шамасында 28 Июня көшесі 9а үйінде газ жарылды. Салдарынан тұрғын үйдің екінші және үшінші қабаты, ішінара төртінші қабаты да қирады.
Оқыс оқиға салдарынан 15 адам зардап шекті, оның алтауы ауруханаға жатқызылды. Ғимараттан 170-тен астам адам эвакуацияланды.
Алдын ала мәлімет бойынша жарылысқа тұрмыстық газ себеп болған. Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін қызмет көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазір Ногинскіде үш күндік қаралы күн жарияланды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
09.11.2026 17:15
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
09.11.2026 12:50
Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді
09.11.2026 10:00