|
13.11.2019 | 10:05
1677

Жас гимнастшы қыз жаттығу үстінде өліп кеті

Телеарнаның мәліметінше, Мелани Коулман жаттығу кезінде қоссырықтан (брусья) құлаған

 Жас гимнастшы қыз жаттығу үстінде өліп кеті фото: WABC-TV

Коннектикут штатында 20 жастағы гимнастшы қыз жаттығу кезінде құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды Fox News қыз бала оқыған университет өкілдеріне сілтеме жасап. 

Телеарнаның мәліметінше, 8 қарашада Мелани Коулман жаттығу кезінде қоссырықтан (брусья) құлаған. Ол омыртқасын зақымдап, ауруханаға жеткізілген. Екі күн өткен соң гимнастшы қыз қайтыс болған. 

Дәрігерлер оның өмірін аман алып қала алмаған. Қыз баланың бұрынғы бапкері Томас Альберти жаттығу кезінде болған бұл жағдайды «қайғылы оқиғамен аяқталған тосын жағдай» деп атады. Мелани Коулман гимнастикалық команданың капитаны және Олимпиада ойындарына мемлекеттік дайындық бағдарламасының қатысушысы болады. Былтыр қыз баланың өнерін тамашалаған АҚШ гимнастика федерациясы қыздың талантты екенін байқаған.

 Дереккөз: Tengrinews.kz

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир