Бразилияда нөсер жауыннан 56 адам қайтыс болды
Depositphotos
Жергілікті билік алдағы күндері ауа райының әлі де нашарлауы мүмкін екенін ескертеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Сейсенбіден бері толассыз жауған жаңбыр суының тасқыны мен көшкін салдарынан Бразилияның солтүстік-шығысындағы Ресифе және Олинда муниципалитеттерінде кем дегенде 56 адам қаза тауып, сонша адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Пернамбуку штатының азаматтық қорғанысы 4 мыңға жуық тұрғыны баспанасынан айырылғанын хабарлады. Жергілікті билік алдағы күндері ауа райының әлі де нашарлауы мүмкін екенін ескертеді. Бразилия президенті Жаир Болсонару қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, іздеу-құтқару операциясына көмектесу үшін өңірге әскер жіберді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
21.09.2026 08:12
Қайтыс болған адамның несиесін туыстары өтеуге міндетті ме
20.09.2026 17:09
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
21.09.2026 10:32
Күзгі шай: денсаулық пен көңіл күйді көтеру жолы
20.09.2026 16:00
Мың жылдық тарихы бар Алматы жайлы қызықты деректер
20.09.2026 10:53