Қытайлық короновируспен ауырған бірінші адам жазылды

belnovosti.by
belnovosti.by
56 жастағы әйел ұзақ уақыт бойы короновирус тараған Ухань қаласында болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шанхайда короновирустың 2019-nCoV жаңа түрін жұқтырған бірінші науқас жазылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Шанхайлық дәрігерлердің айтуынша, 56 жастағы әйел ұзақ уақыт бойы короновирус тараған Ухань қаласында болған. 10 қаңтарда ол өзін жайсыз сезінген, екі күннен соң Шанхайға келген, 15 қаңтарда ол ауруханаға жатқызылды. Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы оның короновирусты жұқтырғанын анықтаған, бұл өңірдегі бірінші жағдай болған.  Ведомствоның есебінде емдеу барысында әйелдің жағдайы жақсарғаны, ал алты күнде дене қызуы нормадан аспайтыны айтылған. Оның тыныс алуы да жақсарған, ал вирустың нуклеин қышқылдарының реакциясын тексеретін тест нәтижелері оның ауру еместігін көрсеткен. Оның жай-күйін бағалай отырып, комиссияның сараптамалық тобы оны ауруханадан шығаруға болатын қорытындыға келді. Сонымен қатар, РИА Новости мәліметінше, коронавирустың жаңа түрі француздық Париж мен Бордо қалаларында тіркелген. Бұл туралы Францияның Денсаулық сақтау министрі Аньес Бузен мәлімдеді.



Новости партнеров