Қырғызстан президенті жаңа Конституцияға қол қойды
Фото: april.kg
Өзгертулер 11 сәуірде өткен референдумда қабылданған болатын
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 11 сәуірде өткен референдумда қабылданған республиканың жаңа Конституциясына қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Сондай-ақ, Жапаров "Қырғыз Республикасының Конституциясы туралы" Қырғыз Республикасының Заңына қол қойған.
Айта кетейік, негізгі Заңның жаңартылған нұсқасын қолдап 79,3 пайыз, қарсы 13,7 пайыз дауыс берген. Қатысқандар саны 36,6 пайыз болған. Шара 11 сәуірде, бір күнде 28 қала мен 420 аймақта жергілікті сайлаумен өтті.
Кейбір қырғызстандық БАҚ пен азаматтық белсенділер Конституция жобасын "ханституция" деп сынға алған, ал Садыр Жапаровты билікті тартып алуға әрекет жасады деп айыптады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
21.10.2026 11:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34