Латвия президенті жол апатына ұшырады
Фото: mixnews.lv
Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Рига қаласындағы жол қиылыстарының бірінде елдің мемлекет басшысының Lexus LS көлігі өзінің күзет қызметінің Volkswagen Touareg көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Латвия президенті Эгилс Левитс Ригада апатқа ұшырады. Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Қозғалыс кезінде Левитстің автокөлігі күрт тоқтаған кезде оған президенттің күзет қызметінің жол талғамайтын көлігі келіп соқтығысқан
ЖКО болған жерде тараптар апат туралы келісілген хаттама ресімдеді. Одан кейін автомобильдер жолын әрі қарай жалғастыра берді және жол-көлік оқиғасы мемлекет басшысының күн тәртібіне әсер етпеді.
Апат туралы ақпарат Латвияның мемлекеттік полициясына жіберілді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
20.10.2026 08:10
Семсерлесушілеріміз Мароккодағы әлем Кубогында топ жарды
19.10.2026 08:40
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
19.10.2026 14:45