Чернобыль АЭС-і аймағындағы орман өрті сөндірілді

Чернобыль АЭС-і аймағындағы орман өрті сөндірілді
4 сәуірде ерекше аумаққа жататын жерлерден өрт шыққан болатын
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Украинаның Житомирінде тұтанған өрт ошақтарының көпшілігі осы кезде сөндірілді. Ерекше аумаққа жататын ормандағы өрт те сөндірілді. Бұл туралы Президент Владимир Зеленский мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Бүгінгі таңда Житомир аймағында өрттің көп бөлігі сөндірілді, ал ерекше аймаққа жататын ормандағы өрт толықтай сөндірілді»– деді ел басшысы Зеленский Укринформ агенттігіне жарияланған мәлімдемесінде.

Агенттік хабарлағандай, 4 сәуірде ерекше аумаққа жататын жерлерден өрт шыққан. Мемлекеттік оқшаулау аймағын басқару жөніндегі мемлекеттік агенттіктің мәліметтері бойынша Чернобыль аумағында өрттен 20 мың гектар жер зақымданды, оның 30%-ын орман құрайды.

Бұған дейін Украинаның солтүстігіндегі орман өрттері Чернобыль атом электр станциясына жақындағаны туралы хабарланған болатын.

Новости партнеров