Грекия тарихындағы ең ірі теміржол апатының құрбандары 57-ге жетті, бұл сан әлі де өсуі мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
21 мен 26 жас аралығындағы жандар зардап шеккен. Олар Лариса мен Салоник ауруханаларына жеткізілген. Қазір көмек қолын созу үшін тұрғындар медициналық мекемелерге барып, қан тапсырып жатыр. Қайғылы жағдайдан соң елде қарсылық шаралары да көбейген. Теміржол қызметкерлері қауіпсіздікті қамтамасыз етуде олқылықтардың бұрыннан барын айтып, ереуілге шықты. Еске сала кетейік, 2 күн бұрын Лариса қаласына жақын маңдағы теміржолда тауар тиеген пойыз бен 300-ден аса жолаушысы бар Афина-Солоники бағытындағы пойыз соқтығысқан еді.
«Артымызда тұрған вагонды кранмен көтеруге тура келеді. Өйткені, біз оның астында не барын анықтауымыз керек. Ең алдымен мейрамхана орналасқан вагон өртенуі мүмкін. Онда температура 1300 градусқа дейін көтерілген», – деді Іздеу-құтқару тобының жетекшісі Константинос Иманимидис.