Президентті айыптағаны үшін парламентте төбелес болды

Президентті айыптағаны үшін парламентте төбелес болды
Президентті "сатқын" деп айыптаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Оппозициялық Халық-республикалық партиясының (ХРП) парламенттік фракция басшысының орынбасары Энгин Озкочтың Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға қатысты айыптау сөзінен кейін парламентте дау шықты, деп хабарлайды baq.kz.

Ердоған ХРП басшысы Кемал Кылычдароглун сатқан деген болатын. Себебі Ердоған оған Сирия басшысы Башар Асадпен келіссөз жүргізуді бастау туралы ұсыныс айтқан екен. Алайда жағдай ушығып, Идлибтегі оқиға орын алған. Ердоғанның Кемал Кылычдароглуға қатысты айыпты әрекетіне партия басшысының орынбасары Энгин Очкоч парламент отырысында жауап қайтармақ болған. Сөйтіп, ол қайтыс болған түрік әскерлері туралы айтып тұрғанда Ердоған "kelle" (қайтыс болған адамға қатысты айтылатын оғашсыз атау) деген сөзбен жауап бергені үшін айыптап, президентті сатқын деп атады.

Мұндай мәлімдеме Түркиядағы билік партиясы депутаттарының тарапынан наразылық тудырды. Басында сөзбен айғайласып бастаған ұрыстың соңы төбелеске айналды. Екі партия тарапынан ондаған депутат бір-біріне қол жұмсады. Парламент отырысы тоқтатылды.

Новости партнеров