|
08.03.2021 | 11:09
3328

Ресейлік ғарышкерлер әйелдер қауымын ғарыштан құттықтап, видео жолдады

Роскосмос ғарыштағы ерекше құттықтауды жариялады

Ресейлік ғарышкерлер әйелдер қауымын ғарыштан құттықтап, видео жолдады  Скриншот: twitter.com/roscosmos

Ресейлік ғарышкерлер Сергей Рыжиков пен Сергей Куд-Сверчков әйелдерді көктем мерекесімен ғарышта құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Роскосмос ғарыштағы ерекше құттықтауды жариялады.

«Көктем – табиғаттың оянуы ғана емес, жаңару мен гүлдену уақыты. Осы уақытпен қатар келетін 8 наурыз - халықаралық әйелдер күні мерекесімен аруларды құттықтаймыз. Сіздермен біздің әлем әдемі, мейірімді, әрі көркем », –  деді Рыжиков.

«Бүгінгі күні әр әйел жақындарының қамқорлығын сезініп, мерекені жақсы өткізсін. Әр күндеріңіз қуаныш пен бақытқа толы болсын», –  деп жалғастырды Кудь-Сверчков.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир