Қырғызстанның экс-премьер-министрі Сапар Исаков 20 жылын түрмеде өткізуі мүмкін

Фото: Centralasian.org
Фото: Centralasian.org
Сапар Исаков бұған дейін 15 жыл түрме жазасына кесілген болатын
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қырғызстан астанасы Бішкектің Бірінші май аудандық сотында Тарихи музейді қайта жөндеуде және Шолпан Ата қаласындағы ипподром құрылысын жүргізуде орын алған заңсыздықтарға қатысты істі қарау кезінде мемлекеттік айыптаушы экс-премьер-министр Сапар Исаковты 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады, деп хабарлайды Almaty.tv Nur.kz сайтына сілтеме жасап.  

Прокурор экс-премьер-министрге 247 млн сом (3,3 млн доллар) айыппұл салып және 20 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады.

Қырғызстан бас прокуратурасының мәліметінше, Тарихи музейді қайта жөндеу кезінде бюджетке 101,6 млн сом (1,3 млн доллар) шығын келген. Ал Шолпан атада ат бәйгесі стадионын салу жұмыстарында жемқорлық болған дейді.

Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылдың желтоқсан айында Бішкектегі жылу электр станциясын модернизациялау кезінде заңбұзушылықтар болды деген айыппен бұрынғы премьер-министр Сапар Исаков 15 жыл түрмеге кесілген болатын.

Новости партнеров