|
15.11.2019 | 14:49
7418

Бір анадан туған егіз ерлі-зайыптылар өздерінің екі баласын буындырып өлтірген

Олар мұны басқалар өздерінің егіз бола тұра үйленіп, балалы болғандарын біліп қоймауы үшін істеген көрінеді

Бір анадан туған егіз ерлі-зайыптылар өздерінің екі баласын буындырып өлтірген ukrr.info

Ұлыбританияның Шеффилд қаласында екі ұлын өлтірген егіз ерлі-зайыптыларға сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz.

35 жастағы Сара Баррас 20 жыл бойы бір анадан туған сыңары Брэндон Мачинмен көңіл қосып, бірге тұрып келген. Осы аралықта олар 6 бала сүйіп үлгерген, тұңғыш ұлдарының жасы 14-те. Әйел басқалар өзінің сыңарынан сәби көтергенін біліп қойса, балаларынан айырылып қаламын деп қорыққанын айтады. Сол себепті олар ақылдаса келе, алдымен балаларын өлтіріп, сосын өздеріне ол салмақшы болған.

23 мамыр күні егіздер тұңғыш ұлдарын дәрі беріп, улап өлтірмек болады, алайда дәрілер әсер етпепті. Ақырында Баррас пен Мачин екі ұлын қолдарымен буындырып өлтірген. Ал үшінші ұлын ваннаға батырмақшы болған кезде бастапқы ойларынан айнып қалған. Полицияға әйелдің өзі хабар беріпті.

Бүгінде бір анадан туған ерлі-зайыптыларға 6 баланы өлтірмекші болды деген айып тағылып отыр. Баррасс пен Мачин өз кінәлерін мойындады. Сот оларды 35 жылдан астам уақытқа бас бостандығынан айырды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир