|
30.11.2020 | 12:23

Коронавирустан кейін денесі өртелген азамат үйіне оралды

Ер адамды коронавируспен ауырған өзге азаматпен шатастырып, өлдіге санаған

Коронавирустан кейін денесі өртелген азамат үйіне оралды REUTERS/Danish Siddiqui

Үндістанда ер адам өзінің кремациясынан кейін үйіне оралып, жақындарын шошытты деп хабарлайды Almaty.tv тілшіс KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Қараша айының басында 75 жастағы үндістандық азаматтан коронавирус анықталады. Ол ауруханаға жатқызылып, екі күннен кейін оның қайтыс болғаны туралы туыстарына суыт хабар келеді. 

Марқұмның денесі коронавирустың таралуын болдырмас үшін ережелерге сәйкес оқшау жерде сақталған. Ал қаза болған азаматтың бет-жүзін туыстарына алыстан көрсеткендіктен, жақындары оны анық көре алмағанға ұқсайды. Туыстары жақынының денесін өртеп жіберген соң оларға емханадан дәрігерлер қоңырау шалып, ер адамның дертінен айыққанын және үйіне жіберілетінін хабарлаған. 

«Біз есеңгіреп, қатты таң қалдық. Біз оны үйге алып келдік. Енді кімнің мәйітін өртегенімізді білмей отырмыз», – дейді үнділік азаматтың ұлы.

Кейін анықталғандай, ер адамды коронавируспен ауырған өзге азаматпен шатастырып, өлдіге санаған. Солтүстік Бенгалия денсаулық сақтау департаменті бұл оқиғаны тергеу үшін төрт адамнан тұратын комитет құрды. 

Еске салсақ, бұған дейін 87 жастағы кейуана айлакерлігінің арқасында ажалдан құтылып кеткенін жазған едік. Одан бөлек, Қытайдың Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында екі қабырғаның арасына қысылып қалған зейнеткер құтқарылғанын жазған болатынбыз.

Bólisý


Janalyqtar tizbegi

Жаңалықтарды қалт жібермеңіз!