Ресейде түнде көршілерінің шуына ашулаған тұрғын оларға граната лақтырған
Фото : vm.ru
Өңір губернаторы Владимир Владимиров өзінің Instagram парақшасында күдіктінің мас болғандығын айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ресейдің Ставрополь өлкесіне қарасты Приэток ауылында ер азамат туған күнді у-шу болып тойлап жатқан адамдар тобына граната лақтырда деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агентігіне сілтеме жасап.
Ресейлік агенттікке оқиғаны Тергеу комитеті осылай түсіндірген.
«Көршілерінің қатты шулағанына наразы болған жергілікті тұрғын қақпаның сыртынан оларға граната лақтырған», - деп түсіндірді тергеушілер.
Өңір губернаторы Владимир Владимиров өзінің Instagram парақшасында күдіктінің мас болғандығын айтты. Қазіргі таңда осы оқиға бойынша бірнеше адамның өмірін қиюға оқталу әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
07.11.2026 09:20
Ішкі үйлесімге көңіл бөліңіз: 7 қарашаға арналған жұлдыз жорамал
07.11.2026 09:55
7 қарашаға арналған валюта бағамы
07.11.2026 09:01