Бұл базар ма: депутаттар шенеунікті киіміне бола залдан қуып шықты (ВИДЕО)

Бұл базар ма: депутаттар шенеунікті киіміне бола залдан қуып шықты (ВИДЕО)
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қырғызстанда депутат мемлекеттік қызметкерді футболка кигені үшін сынға алды, ал ол жемпір екенін айтып ақталды

Жогорку Кенеш вице-спикері Мирлан Бәкіров Бастауыш кәсіптік білім беру агенттігінің қызметкері Талантбек Тынысовты отырыстан қуып шықты. 

Оған себеп – шенеунік дресс-кодты бұзған: ол кастюмнің ішінен жейде емес, жемпір киіп келген, деп жазды Sputnik Қырғызстан. 

Депутат Алмаз Тоқтаров аталған агенттіктің өкілі кім екенін сұрады. Тынысов орнынан тұрып, қаржыландыру және бухгалтерлік есепке алу бөлімін басқаратынын айтты. Парламентарий неліктен футболкамен келгенін сұрады. Мемлекеттік қызметкер футболка емес, жемпір екенін және сырқаттанып қалған басшысының орнына келуге мәжбүр болғанын айтты. Біраз уақыттан кейін вице-спикер Бәкіров Тынысовтан орнынан тұруын өтінді.

«Жогорку Кенеште қандай киім киюге болатыны жазылған регламент бар. Бұл қалай болғаны? Жогорку Кенештің аппаратын неге қарамайсыздар? Үкіметтің аппараты, үкіметтің өкілі… немене бұл жер базар ма?» — деп шағымданды депутат.

Сурет: СЛУЖБА ЦЕНТРАЛЬНЫХ КОММУНИКАЦИЙ

 



Новости партнеров