Танымал актер Андрей Мягков 82 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
Театр және кино актері, режиссер, РСФСР Халық әртісі Андрей Васильевич Мягков 1938 жылы 8 шілдеде Санкт-Петербургте дүниеге келген. «Ирония судьбы, или С легким паром», «Служебный роман» фильмдерінде басты рөлді сомдап, көрерменді тәнтті еткен талантты актер.
1975 жылы Эльдар Рязановтың «Ирония судьбы, или С легким паром» фильмі шыққаннан кейін актер халық арасында танымалдыққа ие болды. Сондай-ақ Рязановтың «Служебный роман» комедиясындағы Новосельцевтің рөлі де (1977) қалың көрермен есінде.
Андрей Мягков екі рөлі арқылы халықтың сүйіспеншілігі бөленген бақытты актер. Аталған кинотуындыларды көрермен әлі күнге дейін сүйіп көреді. Актер одан басқа да фильмдерге түсті. Мягковтың кинодағы соңғы рөлдерінің бірі — Сергей Овчаровтың «Сказе про Федота-Стрельца» (2001) туындысындағы патшаның рөлі.
Талантты актер А. Мягковтың сомдаған образдары көрермен есінде мәңгі қалмақ.