Кейптаунда орналасқан ОАР парламенті ғимаратында өрт шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қаланың өрт-құтқару қызметі басшысы Джермейн Карелстің айтуынша, төтенше жағдай жөніндегі қызметке өрт туралы хабарлама жергілікті уақыт бойынша 05.00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 09.00-де) түскен. News24 мәліметінше, қазір оқиға орнында бірнеше өрт сөндіру бригадасы өртті ауыздықтауға тырысып жатыр.
"Температура жоғары екенін көруге болады. Сондай-ақ, ғимараттың кейбір жерлері бүлінді, құлауы да мүмкін", - деді Карелс.
Қалалық қауіпсіздік комитеті өкілінің айтуынша, үшінші қабат жанып жатыр, өрт Ұлттық Ассамблея ғимаратына (Парламенттің төменгі палатасы) да таралған. Алайда қоғамдық жұмыстар министрі Патрисия де Лилль Ұлттық ассамблея ғимараты жанып жатпағанын, бірақ өрт бақылауға алынғанын мәлімдеді.
Кейптаундағы Парламент кешені бірнеше ғимараттан тұрады: 19 ғасырда салынған ескі ғимарат және төменгі палата орналасқан 1920 және 1980 жылдары салынған жаңа ғимарат.
Fire at Parliament in Cape Town. Fire marshals now on the scene. @PresidencyZA pic.twitter.com/GQYHxcYk40
— RB (@RoshBardien) January 2, 2022