|
17.07.2020 | 16:49
994

ДДСҰ: Босаңсуға болмайды – вирус таралып барады

Барлық деңгейдегі мемлекеттік құрылым, медицина қызметкерлері, азаматтық қоғам – бәрі көмектесуі тиіс

ДДСҰ: Босаңсуға болмайды – вирус таралып барады  dw.com

ДДСҰ Еуропалық бюросының төтенше жағдайлар жөніндегі аймақтық директоры Дорит Нитцан вируспен күресте әлі босаңсуға болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Пациенттің COVID-19 ауруына немесе басқа сырқатқа шалдыққанын анықтауда бұл маңызды қадам. Қайта классификациялау COVID-19 жағдайларының өскенін көрсетеді. Қайта есептеу барысында өсім күрт артады. Алайда бұл елде COVID-19 жұқтыру жағдайы артып кеткенін білдірмейді»,  деді  Дорит Нитцан ОКҚ алаңы арқылы онлайн байланысқа шыға отырып. 

Дорит Нитцан әзірге жұмысты әлсіретпеу керектігін атап өтті. 

«Вирус таралып барады. Тоқтата алатын бәрінің де көмегі керек. Барлық деңгейдегі мемлекеттік құрылым, медицина қызметкерлері, азаматтық қоғам – бәрі көмектесуі тиіс»,  деді ол. 

Еске сала кетсек Қазақстанда пневмониямен ауырғандар КВИ жұқтырғандардың статистикасына енгізілетін болды. Осылайша COVID-19 бойынша жаңа статистика 1 тамыздан бастап жүргізіледі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир