GPS және ми жұмысы: дәрігерлер жүргізушілерге ескерту жасады

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Бұл кеңістіктік жадыға кері әсерін тигізуі мүмкін

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Деменцияның (алжудың) даму қаупін азайту үшін жүргізушілер GPS-навигаторлардың көмегіне сирегірек жүгінуі керек, дейді невролог Ш. Бинг. Бұл туралы Almaty.tv Gismeteo.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

HuffPost басылымының жазуынша, маман навигаторды үнемі пайдалану кеңістіктік жадыға теріс әсер етуі мүмкін екенін айтады. Ол жергілікті жерде өз бетінше бағдар ұстануға немесе ең болмағанда GPS-ті қосар алдында бағытты ойша құрып алуға кеңес береді.

Ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, Бинг мырза қала карталарын есте сақтайтын жүргізушілердің миындағы жады мен кеңістікті бағдарлауға жауапты бөліктің жақсырақ дамитынын атап өтті. Бұл, өз кезегінде, деменцияның даму ықтималдығын төмендетеді.

Бұдан бөлек, дәрігер статистикалық мәліметтерді де алға тартты. Оған сәйкес, күрделі бағыттарда үнемі бағдар жасап жүретін жедел жәрдем және такси жүргізушілерінде Альцгеймер ауруына шалдығу қаупі басқа мамандық иелеріне қарағанда айтарлықтай төмен болып шыққан.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 303 зертхана жұмыс істеп тұр: ғылым мен бизнестің интеграциясы

Новости партнеров