Алматыда вакцина алғандар саны 935 935 адамға жетті

 Пресс-служба Российского Фонда Прямых Инвестиций
Пресс-служба Российского Фонда Прямых Инвестиций
Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 117 106
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2021 жылғы 23 қыркүйекке арналған вакцинация және коронавирус инфекциясцының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

2021 жылдың 22 қыркүйек күні жағдай бойынша коронавирус инфекцияcын жұқтырған 549 адам анықталды (жергілікті), оның 508-і – симптомдық белгілері бар және 41-і – симптомсыз ауырғандар.

Барлық емделіп шығарылғандар – 265, келіп түскені – 208.

Инфекциялық стационарларда (5 230 төсек-орын) жалпы саны 2 263 адам (оның ішінде 102 балалар) емделіп жатыр.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жатқандар –  231.

ӨЖЖ – 48, инвазивті емес ӨЖЖ – 95, High flow-да 66 аппарат жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 5 085 науқас жатыр, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде – 4 944, симптомсыз 141 науқас бар.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде  КВИ вакцинасының 1-компонентін – 2 257 адам, 2-компонетін 3 856  адам вакцинацияланды.

Биылғы 1 ақпан мен 20 қыркүйек аралығында қала бойынша  1-компонентін – 935 935 адам, 2-компонентін 831 095 адам алды.

Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 117 106.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 160 вакцинация пункті жұмыс істейді. 237 вакцинация бригадасында 1 028 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.

Новости партнеров