|
14.05.2021 | 11:17
1152

Монғолияда балаларға коронавирус вакцинасын салу басталды

2020-2021 оқу жылының құрылымына өзгерістер енгізіліп, Моңғолияның Білім және ғылым министрлігі жақында жазғы демалысты мектептер мен балабақшаларда бастау туралы шешім қабылдады

Монғолияда балаларға коронавирус вакцинасын салу басталды ng.kz

Моңғолияның Білім және ғылым министрлігі Pfizer және Moderna сияқты компаниялар жасаған вакцина сынақтары тиімділігін көрсеткенін хабарлады. Бұған дейін министрлік балалардағы коронавирусқа қарсы вакцинаны зерттеу басталғанын айтқан болатын, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі adyrna.kz-ке сілтеме жасап.

Министр Л.Энх-Амгалан мектеп оқушыларына вакцина егу туралы сұраққа жауап бере отырып, жауапты адамдардың балаларға қолдануға болатын ДДҰ мақұлдаған вакциналарды зерттеп жатқанын айтты. Қазіргі уақытта Премьер-Министрдің орынбасары, Сыртқы істер министрі және Денсаулық сақтау министрінен құралған топ жаңа оқу жылы қарсаңында 12 мен 17 жас аралығындағы балаларды иммундау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

2020-2021 оқу жылының құрылымына өзгерістер енгізіліп, Моңғолияның Білім және ғылым министрлігі жақында жазғы демалысты мектептер мен балабақшаларда бастау туралы шешім қабылдады. Атап айтқанда, 1-3 сыныптар үшін жазғы демалыс 8 мамырда, ал 4-12 сыныптар үшін 15 мамырдан басталды. Жазғы демалыс ерте аяқталатындықтан, министрлік 2021-2022 оқу жылын 15 тамызда бастауды жоспарлап отыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир