2021 жылғы 4 қарашаға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясцының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
2021 жылдың 3 қараша күнгі жағдай бойынша коронавирус инфекцияcын жұқтырған 211 адам анықталды (жергілікті), оның 201-і – симптомдық белгілері бар және 10-ы – симптомсыз ауырғандар.
Барлық емделіп шығарылғандар – 113, келіп түскені – 101.
Инфекциялық стационарларда (2 334 төсек-орын) жалпы саны 871 адам (оның ішінде 25 балалар) емделіп жатыр.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жатқандар – 99.
ӨЖЖ – 23, инвазивті емес ӨЖЖ – 50, High flow-да 22 аппарат жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 1 868 науқас жатыр, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде – 1 787, симптомсыз 81 науқас бар.
Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде КВИ вакцинасының 1-компонентін – 1 321 адам, 2-компонетін 2 197 адам вакцинацияланды.
Биылғы 1 ақпан мен 3 қараша аралығында қала бойынша 1-компонентін – 999 193 адам, 2-компонентін 934 917 адам алды.
Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 120 738.
Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 137 вакцинация пункті жұмыс істейді. 205 вакцинация бригадасында 733 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.