|
04.08.2021 | 10:56
3135

Вакцинаға қарсы болған алматылықтар нақты ақпараттан соң пікірін өзгертіп жатыр

Бұл туралы №36 қалалық емхананың бас дәрігерінің ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Венера Тохтахунова айтты

Вакцинаға қарсы болған алматылықтар нақты ақпараттан соң пікірін өзгертіп жатыр Almaty.tv

Бұл туралы №36 қалалық емхананың бас дәрігерінің ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Венера Тохтахунова айтты. Ол атап өткендей, осы уақытқа дейін пациентте вакцинадан кейін ауыр асқынулары болған бірде-бір жағдай тіркелмеген, деп хабарлайды Almaty.tv

В. Тохтахунова дәрігерлер вакцинаға қарсы пациенттермен әңгімелесетінін және екпе алу процедурасы, мүмкін болатын асқынулар мен вакциналар туралы барлық мәліметтерді түсіндіретінін айтты.

«Көбіне, КВИ-ге қарсы вакцинадан неге бас тартасыз деген сұраққа, пациенттер вакцина асқынулар тудырады және одан өліп кету мүмкін деп жауап беріп жатады. Айтарым, бүгінде бірде-бір қайғылы жағдай тіркелген жоқ және вакцинадан кейін аурудың асқынуы немесе өлуі мүмкін екені дәлелденбеген. Вакцина алған адамдардың КВИ инфекциясынан қорғалғаны дәлелденді, ал вакцинадан кейін коронавирус жұқтыратындар өте аз. Вакциналанған адам дерт жұқтырса, жағдайы жеңіл немесе симптомсыз өтеді», деді дәрігер.

В. Тохтахунова, сонымен қатар, вакцинаға қарсылық танытушылар көбінесе егжей-тегжейлі ақпарат алғаннан кейін дәрігерлердің дәлелдерімен келісетінін және КВИ-ден қорғану үшін екпе алуға шешім қабылдайтынын атап өтті. Бірақ, өкінішке орай, бәрі емес.

Дәрігер КВИ-ден қорғануда бетперденің маңызды екенін айтты. Ол коронавирустық инфекцияның ауа тамшылары арқылы берілетінін және ЖРВИ мен тұмаудан өзгеше екенін түсіндірді. КВИ-мен толық байланыста болғанда ауырып қалу ықтималдығы 2,5 есе жоғары. Сондықтан бетперде тағу қажет. Сондай-ақ, адам бетперде таққан кезде мұрнын, иегін және аузын жабуы керек, ол түшкіргенде немесе жөтелгенде вирустың бөлшектері бетпердеде қалады және сыртқа шықпайды. Сонда дерт жұқпайды.

«Жеке қорғаныс құралдарын жою туралы айтар болсақ, біз ұсынғандай егер адам бір реттік бетперде киіп жүрсе, оны әр 3 сағат сайын, әсіресе 30-40 градус температурада ауыстырып тұрған жөн. Терлеген кезде бетперде тиімсіз. Бетперделер А сыныбында, яғни тұрмыстық қалдықтар ретінде шығарылады», деді дәрігер.

В. Тохтахунова бірнеше рет қолданылатын бетперделерді күн сайын жуып, бу генераторымен булау керектігін баса айтты. Содан соң оны ыстық үтіктен өңдеу керек. Егер бұл ережелер сақтамаса, бетперде тиімсіз болады.

Еске сала кетсек, 2 тамыздағы жағдай бойынша Алматыда коронавирус инфекциясының 1540 жағдайы (жергілікті) тіркелді, оның ішінде 1404 симптомды және 136 симптомсыз. Барлығы 4930 адам (240 бала) физикалық түрде инфекциялық стационарда (7045 орын).

2021 жылдың 1 ақпанынан 1 тамызына дейінгі кезеңде барлығы 725 575 адам вакцинаның 1-ші компонентін алды. Өткен тәулікте 4971 адамға екпе жасалды. 60 жастан асқан вакциналанғандардың жалпы саны 99 587 адам.

Қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет және спорт нысандарында, базарларда және қаланың СОСО-ларында 167 екпе пункті бар (250-ге дейін ұлғайту мүмкіндігімен). 1038 адамнан тұратын 234 екпе бригадасы жұмыс жұмылдырылған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир